Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мешіт тазалықшыларына кіші қажылыққа жолдама берілді (ФОТО)

16 қаң 2020 1 329 рет оқылды
Мешіт тазалықшыларына кіші қажылыққа жолдама берілді (ФОТО)

16 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Ұмраға жолдама» атты акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Ұйымдастырылған шараға қала бас имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов пен Қажылық және Жастар секторының өкілі Азамат Әбікерімұлы қатысты.

Қорытынды бойынша бірауыздан Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде тазалықшы қызметін атқарып жүрген Расул Сайыпұлы мен Раушан Әмірханқызына Ұмра қажылықтың жолдамасы нәсіп болды.

#Шымкент өкілдігі #қажылық