Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мешіт қызметкерлері алғысқа бөленді (фото)

30 жел 2024 863 рет оқылды
Мешіт қызметкерлері алғысқа бөленді (фото)

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды» десе, енді бір хадисінде: «Сендерге жақсылық жасағанға жақсылығына сай оған да жақсылық жасаңдар. Оның жасаған жақсылығына тең келетін нәрсе таба алмасаңдар, теңестіргенге дейін оған дұға етіңдер.» – деп, сахабалары мен үмметін сыйға сый жасауға шақырады.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) осындай өсиетіне амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Байзақов Руслан Нақыпбекұлы бүгін мешіт ұжымы қызметкерлеріне осы тақырып аясында көркем насихат айтты. Әрбір қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, демеуші азаматтардың атсалысуымен қаржылай сый-сияпат табыстады.

Көркем насихат барысында Руслан Нақыпбекұлы адамдардың ішінде Алла Тағала ең көп шүкіршілік ететіндері, адамдарға алғыс айта білетіндері екендігін айта келе, мешіттің көркеюі мен дамуына үлес қосып, дін жолында адал қызмет атқарып келе жатқан барша мешіт қызметкерлеріне зор ризашылығын білдірді.

sunna.kz