Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мысыр мүфтиімен кездесу

19 қаз 2023 902 рет оқылды
Мысыр мүфтиімен кездесу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапарында осы елдің мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Алламмен кездесті.

Кездесуде діни білім, ғылым саласы әңгіме арқауы болды.

«Мысыр елі жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 25 білім грантын бөліп келеді. Мысырда білім алып келген дін ғалымдары еліміздің игілігі мен Ислам дінінің дамуына өзіндік үлесін қосуда. Өткен жылы өзіңізбен арнайы меморандумға қол қойдық. Соның нәтижесінде екі елдің діни саладағы әріптестік байланысымыз одан сайын жалғаса береді деп сенемін» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиіне халықаралық конференцияға мәртебелі қонақ ретінде шақырғаны үшін айрықша алғысын білдіріп, ілтипат көрсетті.