Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Sunna радио

Мұсылман елдердің халықаралық саммиті басталды

13 мам 2024 8 855 рет оқылды
Мұсылман елдердің халықаралық саммиті басталды

Түркияның Ыстамбұл қаласында «Дүниежүзілік ислам ғұламаларының жоғары кеңес саммиті» басталды.

Халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ мұсылман елдерінің бірқатар мүфтилері мен дін ғалымдары қатысып жатыр. Саммиттің пленарлық отырысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасайды.

Айта кетейік, екі күнге созылатын халықаралық басқосуда мұсылман әлемінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері, соның ішінде Палестина мұсылмандары, Ғазза тұрғындарының қазіргі жағдайы кеңінен талқыланбақ.