Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

«Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығы төртінші қариды дайындап шығарды

9 там 2021 1 478 рет оқылды
«Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығы төртінші қариды дайындап шығарды

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығынан шыққан төртінші қариды таныстырды.

Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Али Абдисаматов қариға бас имам алғыс хат табыстап, батасын берді. 2020-2021 оқу жылы барысында Алланың кәламы болған қасиетті Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап қари болғанын жамағатқа сүйіншілеп, мешіт жамағаты мен демеушілері атынан қаржылай сый-сияпат тапсырды.

Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығында он шақты шәкірт білім алуда. Орталықтың бағытына сәйкес Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.

 mazhab.kz

#Павлодар #Қазақстан қарилары #Құран #қари