Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Найб мүфти жұма уағызын айтты

26 ақп 2024 763 рет оқылды
Найб мүфти жұма уағызын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Найб мүфти жұма намазына жиналған ағайынға «Исламда сауда-саттықтың орны мен әдебі» тақырыбында уағыз айтты.

Сансызбай Құрбанұлы қоғамда жақсылы жасау мен мейірімділік танытудың мән-маңызы мен пайдасы жайында баяндап, аталған екі құндылықтың асыл дінімізде алатын орыны жайлы сөз қозғады.

«Ислам кәміл дін болғандықтан, сауда-саттыққа қатысты да дінімізде арнайы әдеп нормалары бар» деген найб мүфти рухани құндылықтарды саудадан жоғары қою, әділ болу, тыйым салынған дүниелерді сатпау, қанша тапса да қанағат ету сияқты басты мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

#Сансызбай Құрбанұлы