Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Облыс бас имамдары мерекелік медальмен марапатталды

26 жел 2025 285 рет оқылды
Облыс бас имамдары мерекелік медальмен марапатталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай облыс Бас имамдары мерекелік медальмен марапатталды.


Марапаттау барысында Бас мүфти марапат иелерін арнайы құттықтап, олардың өңірдегі рухани тұрақтылықты сақтаудағы, жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізудегі еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Бас имамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, елдің бірлігі мен берекесін арттыру жолындағы игі істеріне табыс тіледі.