Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Оңалту бағытында онлайн жиын өтті

18 сәу 2024 1 465 рет оқылды
Оңалту бағытында онлайн жиын өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен діни оңалту бағытында еліміздегі мешіттердің әйел ұстаздарына арналған онлайн семинар өтті.

Әйел-қыздар секторының өңірлердегі жауапты өкілдері қатысқан семинарда Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Данияр Кенжалин дәріс оқыды. Спикер жат ағымдардың қалыптасу тарихы мен деструктивті сипаттарына кеңінен тоқталды.

Семинар соңында Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы жат ағымдардың деструктивті сипаты мен олардың қоғамға зияны жөнінде әйел ұстаздардың да білуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ спикер Данияр Айтбайұлына алғыс білдіріп, діни оңалту мамандарының жетекшілігімен алдағы уақытта да семинарлар ұйымдастырылатынын айтты.