Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

3 нау 2025 844 рет оқылды
Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:
  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.