Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Рамазанға дайындық семинары өтті

19 нау 2023 705 рет оқылды
Рамазанға дайындық семинары өтті

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатты Рамазанға дайындауға арналған семинар өтті.

Бас имам Руслан Байзақовтың бастамасымен «Рамазанға рухани дайындық» атты семинар ұйымдастырылып, ниет, жан-дүниені өкпе, реніштен тазарту, кек сақтамау, уақытты жүйелеу, жақсылық жасау т.б мазмұндарды қамтыды.

Сауатты жамағат қалыптастыру мақсатында өткізілген шараны наиб имам Серікбол Хаман жүргізді.

Жиналған жамағаттың оразаға байланысты барлық сұрақтарына жауап берілді.