Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 ж. 27 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:57
Күн 04:48
Бесін 12:25
Ақшам 19:51
Құптан 21:41
Жаңалықтар

Рамазан айында мешіттерде 85 322 уағыз айтылды

3 сәу 2025 774 рет оқылды
Рамазан айында мешіттерде 85 322 уағыз айтылды

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров хабарлады.


«Уағыз-насихат» бағыты бойынша Рамазан айында 85 322 уағыз-насихат жүргізіліп, 15 570 527 адам қамтылды. Атап айтқанда, «30 күнге 30 уағыз» шарасы бойынша бекітілген уағыз-насихат тақырыптары аясында өкілдіктерде бір айда 52 009 уағыз айтылып, бір күнде 468 598 жамағат тыңдады.

Ауызашарда айтылатын уағыз бойынша Рамазан шатырындағы ауыз ашқан жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы», «Ихсан – рухания тәрбие негізі» және «Дін мен дәстүр» тақырыптарында уағыз-насихан жүргізілді. Рамазан айында 29 794 уағыз айтылып, 125 610 адам қамтылды. «Қадір түнім – қасиетім» бойынша өңірлерде 1929 уағыз-насихат айтылып, 1 772 666  жамағат тыңдады.

Үшінші, әлеуметтік желідегі уағыз шарасы 3 негізгі тақырып бойынша Инстаграм, Тик-ток, YouTube әлеуметтік желілерінде 1 590 уағыз-насихат жүргізіліп, 13 203 653 қаралым жинады» деді Батыржан Берденұлы.