Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 ж. 28 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:05
Күн 05:36
Екінті 16:44
Ақшам 18:46
Құптан 20:16
Жаңалықтар

РАНТ мүшесі мешіт жамағатына уағыз-насихат айтты

10 қар 2022 744 рет оқылды
РАНТ мүшесі мешіт жамағатына уағыз-насихат айтты

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағаты «Һибатулла әт-Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлымен жүздесті. РАНТ мүшесі «Ханафи мәзһабын ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында жамағатқа көркем уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында Нұрәлі Бақытұлы қазақ топырағында ғасырлар бойы жасап келе жатқан Ислам дінінің Ханафи мектебі төзімділігімен, Ислам құндылықтарын түсіндіруде шебер тәжірибесімен ерекшеленетінін атап өтті.

Сондай-ақ, аят, хадистерге амал ету үшін ғалымдарға мұқтаж екенімізді тілге тиек етті. Уағыз соңында асыл дініміздің:  ешкімді өлтірме, жақыныңа көмектес, кешіре біл, еңбек ет, отбасын құр, ұрпақ өсір секілді көркем қағидасымен бейбіт елімізде аман өмір сүруіміз үшін жамағатпен бірге дұға жасады.

sunna.kz