Сәрсенбі, 17 маусым 2026 ж. 2 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің ІІІ мәжілісі өтті

28 там 2022 1 051 рет оқылды
Сарапшылар кеңесінің ІІІ мәжілісі өтті

Алматыда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің үшінші мәжілісі өтті.

Кеңес жұмысына елімізге танымал ғалымдар, сарапшылар, ұстаздар қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің қоғамдағы рөлін айрықша атап өтті. «Біз бүгінде жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Әр заманның өзіне тән мәселесі бар. Діни салада да жүзеге асыратын жобалар жеткілікті. Осы бағытта бірге атқаратын жұмыстар көп. Баршаңызды ортақ мақсаттарды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын"» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжілісте ұлттық құндылықтарды кешенді түрде насихаттау, жаңа Қазақстанда жаңа діни-рухани жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшелері діни саладағы жұмысты заманауи тәсілдер арқылы жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

#Сарапшылар кеңесі