Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Сұрақтарға тәулік бойы жауап беріледі

28 нау 2022 1 125 рет оқылды
Сұрақтарға тәулік бойы жауап беріледі

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында мұсылмандар тарапынан оразаға қатысты сұрақтар көп қойылатынын алға тартты.

«Оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да сұрақтар болса Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған Діни ақпарат беру орталығынан жауап алуға болады. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі – 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады. Дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді» деді ҚМДБ Төрағасы.