Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді (фото)

26 нау 2026 324 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді (фото)

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шәрифінде: «Тазалық- иманның жартысы, Алла Тағала тазалықты жақсы көреді» – делінген.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) осынау өсиетіне амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкерлері «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сенбі күні мешіт қызыметкерлері мен мешіт жамағаттары бірлесе отырып, мешіттің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мешіттің әйел жамағаты мен шәкірттері де тазалық жұмыстарына атсалысты.

Мешіт ауласындағы қоқыстар тазаланып, арамшөптерді өртеп, мешіт ауласы сыпырылды.

sunna.kz