Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Шағбан айының құрметіне ауызашар берілді (фото)

2 ақп 2026 347 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Шағбан айының құрметіне ауызашар берілді (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Шағбан айының құрметіне мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.

Берекелі жиында мешіттің наиб имамы Қондыбай Акпаров әсерлі насихат айтты.

Насихат барысында Шағбан айының қадір-қасиеті туралы, қасиетті айдағы Бараат түніндегі құлшылық жайлы кеңінен мағлұмат берді

Сондай-ақ, бұл жиынның мешіт жамағатының Рамазан айының алдындағы рухани дайындығына тигізген әсері зор болды.

Мешіт жамағаты мешіт ұжымына ерекше ықыластарын білдіріп, рақметін айтты.

 

sunna.kz