Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Теміртау жамағаты бас имамға көлік сыйлады

15 қаз 2022 725 рет оқылды
Теміртау жамағаты бас имамға көлік сыйлады

Өткен жұмада Қарағанды облысының бас имамы қызметіне тағайындалған Естай Айтуғанұлына Теміртау жамағаты құрмет көрсетіп, шығарып салды.

Жұма мінберінде сөз сөйлеген облыс бас имамы Теміртау қаласында қызмет еткен жылдары атқарылған жұмыстарды халыққа баяндай келе, үнемі мешіт жанынан табылып, Алланың діні үшін қызмет ету жолында көрсетіп жүрген қолғабыстары мен қолдаулары үшін жамағатқа рахметін айтты.

Теміртау жамағаты қазақы салт-дәстүрмен бас имамның иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын тарту етсе, маңдайынан сүйіп ақ батасын берген қариялар Естай Айтуғанұлының жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Сондай-ақ, Теміртау жамағаты жұмылып бас имамға су жаңа автокөліктің кілтін тарту етті. Алланы ұлықтап ұрандаған жамағаттың имамдарына құрмет пен қошемет көрсетуі жүректерді елжіретті. Облыс бас имамы да осы кезге дейін қолдау көрсетіп, демеп келген жамағатқа шексіз алғысы мен ризашылығын жеткізді.