Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Түркия: ҚМДБ өкілі Дианет ұйымдастырған ауызашарға қатысты

12 нау 2025 848 рет оқылды
Түркия: ҚМДБ өкілі Дианет ұйымдастырған ауызашарға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Қарабаев Түркияның Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен мұсылман елдері бас елшілеріне арналған  ауызашарға қатысты.


Рухани кеште Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын арттыру және рухани байланыстарды нығайту мақсатында түрлі мемлекеттердің өкілдері бас қосты. Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербаш мұсылман жұртшылығына, әсіресе, палестиналық бауырларына қолдау көрсету мәселесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде ҚМДБ өкілі Абдурашит Зиядинұлы Дианет басшысы Әли Ербаш мырзаға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ауызашар дастарқанына шақырғаны үшін алғысын білдірді.