Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
ҚМДБ

Түркістандық имамдар мерекелік медальмен марапатталды

1 қаз 2025 408 рет оқылды
Түркістандық имамдар мерекелік медальмен марапатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.


Кездесу барысында Бас мүфти діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан Түркістан облысының бірқатар ардагер имамдары мерекелік медальмен марапатталды.