Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Жаңалықтар

Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

11 қыр 2025 454 рет оқылды
Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі өз жұмысын бастады.


Алқалы жиынға Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин қажы Холиқназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Касымұлы, дін ғалымдары, имамдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Жиын барысында бауырлас елдердің Бас мүфтилері діни саладағы ынтымақтастықты арттыру, ортақ тәжірибе алмасу, рухани-ағартушылық бағыттағы жобаларды жүзеге асыру және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін бірлесе шешу жолдарын талқылауда.