Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

«Уақып» қоры келісім жасасты

10 жел 2021 1 528 рет оқылды
«Уақып» қоры келісім жасасты

10 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясының Түркия Республикасына ресми сапары барысында «Уақып» қорының» президенті Ардақ Нүсіпханұлы Анкара қаласындағы «Түркия дианет уақфы» басшысы Ихсан Ачикпен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Ресми кездесу барысында екі қор арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, тәжірибе алмасу сынды бірқатар өзекті мәселелер келісілді.

Қор басшысы Ардақ Нүсіпханұлы Қазақстандағы «Уақып» қорының жұмысымен таныстырып, алда атқарылар жоспарлы жобалар мен бағдарламаларды көрсетті.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен «Түркия дианет уақфы» мен ҚМДБ арасында әріптестік байланыс орнатып, Діни басқарма жанынан құрылған «Уақып» қорына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде келісім жасалған болатын.