Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Қазақстан қажылық миссиясының медициналық қызметі халықаралық талаптарға толық сай деп танылды

19 мам 2026 89 рет оқылды
Қазақстан қажылық миссиясының медициналық қызметі халықаралық талаптарға толық сай деп танылды

Сауд Арабиясы Корольдігі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілдері Қазақстан қажылық миссиясының құрамындағы медициналық қызметтің дайындығына арнайы тексеру жүргізді. Ресми сапар барысында миссия құрамындағы дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, медициналық көмек көрсету деңгейі, процедурлық кабинеттің жабдықталуы және дәрілік қордың жеткіліктілігі жан-жақты сараланды.


Тексеру нәтижесінде Саудиялық мамандар Қазақстан қажылық миссиясының медициналық қызметі халықаралық және жергілікті талаптарға толық сәйкес келетінін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігерлердің қызметтік дайындығына, медициналық кабинеттің талапқа сай жабдықталуына және қажетті дәрі-дәрмек қорының жүйелі түрде қамтамасыз етілуіне жоғары баға берді.

Арнайы өкілдер қажыларға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсету бағытындағы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, Қазақстан қажылық миссиясының жұмысына оң бағасын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы отандастарымыздың қасиетті сапарды қауіпсіз әрі жайлы атқаруы үшін барлық бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Медициналық қызмет те сол маңызды бағыттардың бірі саналады.