Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Қайтпай сұлтан мешітіндегі қайырымдылық

17 қаз 2022 779 рет оқылды
Қайтпай сұлтан мешітіндегі қайырымдылық

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Еркінқала ауылынан ашылған Қайтпай сұлтан мешітіндегі қайырымдылық шарасына қатысты.

Қайырымдылық шарасы аясында 50 мұқтаж отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратылды. «Халқымыз «Қайырымдылық – қайырлы іс» деп бекер айтпаған. Қайырымдылық – ҚМДБ жұмысының бір бағыты. Имамдарымыз осы жолда аянбай қызмет етіп келеді. Ізгі шараға атсалысқан жандардың барлығына Алла разы болсын!» деді наиб мүфти.

Азық-түлік үлестірілген қайырымдылық шарасы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды.