Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

Қайырымдылық шарасы өтті

19 ақп 2022 1 261 рет оқылды
Қайырымдылық шарасы өтті

Бүгін “Астана” медресе-колледжінің қыздары бөлімінің ғимаратында “Құран - нұрдан тәж” атты арнайы рухани кеш өтіп, мешіт шәкірттері қайырымдылық жасады.

Игі шараға “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің Әйелдер-қыздар секторының Сауат ашу курсында білім алған шәкірттер себеп болды.

Қайырымдылық шарасы аясында “Астана” медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттерге жүз мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.