Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Қарилар байқауы: финалдық кезең өтеді

13 қаз 2021 1 576 рет оқылды
Қарилар байқауы: финалдық кезең өтеді

Түркістан қаласында өтіп жатқан Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының финалдық кезеңі өткізіледі. Байқауды ұйымдастыру комитеті осындай шешім қабылдады.

Дәл қазір Құранның 30 парасын толық жаттаған қарилар арасында жарыс өтуде. Байқаудың бас жүлдесін иеленген қариға шетелдік автокөлік берілетінін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ өзге номинацилар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталады. Қариларға қолдау білдіріп, байқаудың өтуіне демеушілік жасаған жомарт жандарға Діни басқарма ұжымы алғыс білдіреді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауды тікелей эфирде «Munara TV» телеарнасынан және «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстапарақшасынан онлайн тамашалай аласыз.

muftiyat.kz