Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ҚМДБ еріктілерге айттық дастарқан жайды

12 сәу 2024 1 341 рет оқылды
ҚМДБ еріктілерге айттық дастарқан жайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау қаласында 250 еріктіге айттық дастарқан жайды.

Игі басқосуға арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Сіздер ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген қайырымды жандарсыздар. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық жасау – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. «Асар», «жылу жинау» сынды дәстүрімізде бар ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қазір нағыз халыққа көмектесетін сәт. Ел басына күн туғанда баршамыз бірлігімізді танытып, әрдайым халықтың жанынан табылуымыз керек. Алла Тағала қазақ даласын тасқын судан сақтасын», – деді.

Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қорының еліміз бойынша 1200 еріктісі ортақ іске жұмылдырылған.