Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Бабалар рухына Құран хатым дұғасын жасады

20 қар 2025 325 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы Бабалар рухына Құран хатым дұғасын жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.


Сапар аясындағы алғашқы шара Қызылорда қаласындағы 150 жылдық тарихы бар «Айтбай» мешітінде өтті. Бас мүфти бабалар рухына арналған Құран хатым дұғасына қатысып, игі дәстүр бойынша ел игілігі үшін дұға жасады.

Іс-шараға Бас мүфтимен бірге аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы Дүйсенбаев, арнайы шақырылған қонақтар мен дін қызметкерлері қатысты.