Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы: Ер мен әйелдің сыйластығы – бала тәрбиесінің бастауы

28 қар 2024 366 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы: Ер мен әйелдің сыйластығы – бала тәрбиесінің бастауы

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласында өткен «Ислам және отбасы құндылығы» республикалық конференциясында осылай деді.

 

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ер-азаматтарға қарата: «Сендердің ең жақсыларың – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың» десе, «Қандай әйел ең жақсы?», – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын, ол оған бір нәрсе бұйырғанда, мойынсұнатын, өзіне және өзінің мал-мүлкіне қатысты бір нәрсе ұнамай тұрса да күйеуіне қарсы келмейтін әйел», – деп жауап берген.

Өзі жақсы болған және баласына жақсы тәрбие берген ер мен әйелдің отбасына береке орнайды. Мұның ең алғашқы шарты – ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сыйлауы, өзара кешірімді, мейірімді болуынан әрі сыйластықтан басталады» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, конференция қатысқан зиялы қауым өкілдері отбасы құндылығына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.