Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіт құрылысымен танысты

21 қаң 2026 220 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіт құрылысымен танысты

Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасы тарапынан салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады. Сондай-ақ, құрылыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Айта кетсек, аталған құлшылық үйінің құрылысын жақын арада аяқтау жоспарланып отыр.