Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Құптан 22:23
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Сауд Арабиясы делегациясын қабылдады

10 шiл 2025 703 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы Сауд Арабиясы делегациясын қабылдады

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесті.


Кездесуде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы рухани және діни байланысты одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Сауд Арабиясы Корольдігі атынан құрмет белгісі ретінде дәстүрлі сый – құрма тарту етті.