Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Қатар делегациясын қабылдады

17 қыр 2022 701 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы Қатар делегациясын қабылдады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезі аясында Қатардың Уақып және Ислам істері министрлігі Ислам істері департаментінің директоры Халед Бен Шахин әл-Ғаним бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде екі елдің байланысы сөз болды. Сонымен қатар діни, рухани салада бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызы талқыланды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезінің дінаралық достықты нығайту жолындағы рөлі мен маңызын атап өтті. Сонымен қатар еліміздегі мешіттер мен медреселердің жұмысы жайлы баяндады. Бас мүфти жер бетіне бейбіт өмір орнату күллі адамзаттың қажеттілігі, бұл ортақ келісім мен өзара түсінік аясында орындалатын іс екенін тілге тиек етті.

Басқосу соңында тараптар ортақ жобалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.