Дүйсенбі, 2 қараша 2026 ж. 22 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:35
Күн 07:03
Екінті 15:03
Ақшам 16:52
Құптан 18:20
Жаңалықтар

ҚМДБ: І республикалық ақсақалдар форумы басталды

2 нау 2022 952 рет оқылды
ҚМДБ: І республикалық ақсақалдар форумы басталды
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумы басталды. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің мүшелері Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, Мұрат Жұрынов, Жабал Ерғалиев, Шалатай Мырзахметұлы, Марат Тоқашбаев сынды қоғам қайраткерлері мен республиканың түкпір-түкпірінен белсенді ақсақалдар мен облыс бас имамдары қатысуда. Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, арнайы дайындалған бейнеролик ақсақалдар назарына ұсынылды. Форумның мақсаты – қазақ тарихындағы қариялардың рөліне тоқталып, қазіргі қоғамдағы ақсақалдың рөлін айқындай отырып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебін қалыптастыру.