Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

ҚМДБ қызметкері жұма уағызын жүргізді

20 мам 2022 927 рет оқылды
ҚМДБ қызметкері жұма уағызын жүргізді

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфуллин «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын жүргізді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Думан Нәдірұлы жиналған жұртшылыққа «Уақып - сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз-насихат бөлімінің маманы дініміздегі уақыптың мағынасын, түрі мен мазмұны жайлы жан-жақты түсінік берді.

Сонымен бірге, уақыптың зекеттен айырмашылығына тоқталып, қазақы қиссалармен ұштастыра отырып уақыптың көріністері туралы баяндап берді.

Тұщымды уағызын тыңдаған мешіт ақсақалдары Д.Нәдірұлына намаз соңында ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

#Думан Сайфуллин