Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Ел мешіттері

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы мешіті ашылды

6 қаз 2022 872 рет оқылды
Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы мешіті ашылды

Алаш ардақтысы, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Қостанай облысының Жангелдин ауданында Ұлт ұстазының атындағы жаңа мешіт бой көтеріп, пайдалануға берілді.

Мешіттің салтанатты ашылуына Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет, аймақтағы аудан және қала имамдары, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары, ауыл тұрғындары қатысты. Бас имам өз сөзінде имандылық ордасына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар осынау есте қаларлық оқиға қасиетті Мәуліт айымен тұспа-тұс келіп отырғанын айтып, оны жақсы ырымға балады.

Ауыл ақсақалдары мешітті тұрғызуға белсене атсалысқан барша жомарт жүректі бауырларымызға шынайы алғыстарын жеткізіп, ақ батасын берді. Сондай-ақ жиында демеушілік еткен азаматтарға алғыс хаттар табысталып, ардақты қариялардың иығына шапан жабылды.

Айта кетейік, жуырда Торғай өңіріндегі Ахаңның тойы дүрілдеп өтті. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына еңселі ескерткіш тұрғызылды. Мерекелік іс-шаралар барысында ат бәйгесі мен палуандар күресі де жоғары деңгейде ұйымдастырылды.