Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)

9 қаң 2020 1 621 рет оқылды
Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)
9 қаңтар.  Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді. Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс». Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.
#Инабат #қыз-келіншектер клубы