Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мешіт 30 балаға көмек көрсетті (ФОТО+ВИДЕО)

15 қаң 2020 2 464 рет оқылды
Мешіт 30 балаға көмек көрсетті (ФОТО+ВИДЕО)

15 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Светоч» балалар үйіндегі 30 балаға азық-түлікпен көмек көрсетті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Игі шараға мешітіміздің Бас имамы Бауыржан Есмахан мен наиб имам Рахматулла Оразұлы арнайы қатысты.

Бас имам бүлдіршіндерге білім алудың мән-маңызы, асыл дініміздегі қайырымдылықтың орны туралы сөз сөйлеп, мешіт атынан дайындалған тәбәрік-сыйлықтарды өз қолымен үлестірді.

Мешіт балалар үйінің тұрғындарына азық-түлікпен қатар, жеткіншектердің өздері қалаған заттары мен оқу құралдарын сатып алып берді. Тағдырлары бір үйде тоғысқан бүлдіршіндер Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, қуаныштарын жеткізсе, балалар үйінің әкімшілігі қайырымдылық көмекке ризашылығын білдіріп, мешіт ұжымына алғыс жаудырды.

Аталмыш игі шара ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторына қарасты мешіт жанындағы «Аналар мектебі» рухани клубының (жетекшісі ұстаз Әлия Аусағатова, ұстаз Айгүл Көксеген) белсенділігінде демеуші азаматтардың қолдауымен жүзеге асты.

«Жерде бір бала күлсе, көкте күллі періште қуанады», - дейді дана халқымыз. Ендеше қасиетті Отанның келешегі болған балалар жыламасын!

#балалар үйі #қайырымдылық