Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Қоғам

Министр балабақшалардың жұмысы қалай болатынын айтты

12 нау 2020 1 714 рет оқылды
Министр балабақшалардың жұмысы қалай болатынын айтты

12 науыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың әдеттегі режимде жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. тілшісі.

"Балабақшалар туралы айтатын болсақ. Бүгін сіздер елімізде коронавирус тіркелмегенін естідіңіздер. Сондықтан балабақшалар жұмысын жалғастырады. Коронавирус жағдайы тіркелетін болса, қажетті шаралар қабылданады", - деді Аймағамбетов.

Мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

#балабақша