Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Қоғам

Елімізде жаман ауруды жұқтыру дерегі тіркелді

13 нау 2020 2 406 рет оқылды
Елімізде жаман ауруды жұқтыру дерегі тіркелді

13 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады.

Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.

"Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус 11-16 наурыз аралығында келетінін айтқан болатын.

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.