Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Қоғам

Елорда әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

15 нау 2020 1 298 рет оқылды
Елорда әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

15 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге ірі сауда желілері мен базар өкілдері қатысты, деп хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. «Ба­ғаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұ­мыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен не­сиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Айналым схемасы» жобасына Magnum, «Астықжан», «Кенмарт», Small, «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Көтерме сауда, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан «азық-түлік себетіне» жататын тауарлармен алыпсатарлық болмауы тиіс. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мәселесі Мемлекет басшылығының бақылауында», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас­шысы Ерлан Бекмұрзаев дүрлігуге себеп жоқ екенін, азық-түлік жеткілікті мөлшерде ба­рын атап өтті. Сондай-ақ елорда әкім­дігі әлеу­меттік нан бағасын ұстап тұру мә­селе­сін қарастырды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың нау­бай­ханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық жәр­мең­келерінің маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.

#Алтай Көлгінов