Сейсенбі, 25 тамыз 2026 ж. 12 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:32
Күн 05:11
Бесін 12:21
Ақшам 19:21
Құптан 20:59
Қоғам

Қант, ұн мен сұйық майды сатып алуға шектеу қойылды

19 нау 2020 2 003 рет оқылды
Қант, ұн мен сұйық майды сатып алуға шектеу қойылды

19 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан әкімдігі кей азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

"Бүгінде сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекке 5 литр май және 5 келіге дейін арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма және тағы басқа", - деді Нұр-сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Ол бір чектегі сусымалы тауарлардың әрбір түрі 5 келіден аспауы тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімдігі нан бағасын бекітті.

#азық-түлік #карантин