Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мешіт тынысы

Бас имам онлайн дәріс беруде (ФОТО)

29 сәу 2020 1 166 рет оқылды
Бас имам онлайн дәріс беруде (ФОТО)

29 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Төтенше жағдай кезінде бас имам онлайн дәріс беруде, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан әр аптаның сәрсенбі күні хадис сабағын жүргізіп келе жатқан болатын.

Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне орай бас имам хадис сабағын инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде онлайн түрінде жүргізуде.

Онлайн режимде имам Ән-Нәуәуидің "40 хадис" кітабынан арнайы хадистердің мағынасы, мәні мен маңызы, жөн сілтейтін маңызды мазмұндары жайлы дәрістер оқылуда.

Бүгін 10-рет тікелей эфирге шығатын бас имам 33-хадистің мазмұны жайында сабақ өткізеді.

 
#40 хадис #Бауыржан Есмахан #онлайн дәріс