Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

«Әйелдерге қатысты шариғат мәселелері» атты семинар өтті (ФОТО+ВИДЕО)

25 қаң 2020 2 115 рет оқылды
«Әйелдерге қатысты шариғат мәселелері» атты семинар өтті (ФОТО+ВИДЕО)

25 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Әйелдерге қатысты шариғат мәселелері» атты семинар өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Мешіт жанындағы әйелдер-қыздарға арналған Сауат ашу курсы, Аналар мектебі тек қана сабақ берумен қатар, шәкірттер санасына шариғаттағы басқа да мәселелер мен үкімдерді жеткізу, кеңес беру, татуластыру, қайырымдылық, т.б. бағыттар бойынша да бірқатар жұмыстар жасап келеді.

Ұстаздар Әлия Аусағатова мен Айгүл Көксегеннің ұйымдастыруыме өткен семинарға қаладағы ауарайының қолайсыздығына қарамастан 40-қа жуық шәкірт қатысты.

Семинарды жүргізген Сауат ашу курсының ұстазы Айгүл Көксеген қатысушыларға шариғатымыздағы әйелдерге қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен бірге, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

   
#Аусағатова Әлия #Көксеген Айгүл #семинар