Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

«Зекет» қоры ораза айт мейрамында 80 отбасыға қуаныш сыйлады

26 мам 2020 1 223 рет оқылды
«Зекет» қоры ораза айт мейрамында 80 отбасыға қуаныш сыйлады

26 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Көпшілікке қуаныш сыйлап, мәз-мейрам болып өтетін Ораза айт та келіп жетті. Осыған орай ҚМДБ-на қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры 80 отбасыға айттық таратумен қатар зекет те үлестірді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Зекет» қорының «Қолдан қолға» жобасы аясында зекет арнайы тәтті кәмпиттер салынған қораптармен таратылды. Иісі мұсылман жандар үшін қасиетті айдың жемісі, ұлық мереке Ораза айтта үйлеріне жеткізілген тосын сыйға таң қалған мұқтаж жандар қуанышын жасыра алмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және «Зекет» қорына, атсалысқан барлық азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс жаудырды.

Алла Тағала баршамызға Ораза айтта ғана емес, әрдайым адамдарға қуаныш сыйлап, олардың оң дұғасын алып отыруды нәсіп етсін!

#Зекет қоры