Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

10 мау 2020 1 565 рет оқылды
ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

10 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27-28 шілде күндері Алматы қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі; - үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады; - толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек; - үміткер ҚР ер азаматы болуы керек; - үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек; - үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Бас имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 17 шілдеге дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Болатханұлы.

#Құран жарысы