Сейсенбі, 18 тамыз 2026 ж. 5 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:16
Күн 05:00
Бесін 12:23
Ақшам 19:35
Құптан 21:19
Жаңалықтар

Қыз-келіншектерге арналған байқау жарияланды

31 қаң 2020 2 080 рет оқылды
Қыз-келіншектерге арналған байқау жарияланды

31 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы қыз-келіншектер арасында байқау жариялады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Аталмыш байқау Шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай, «Ізгі қаланың тұрғындары» деген атпен жарияланып отыр!

Байқау шарттары:

«Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында айтылған идеяларды арқау етуі тиіс.

Times New Roman 14 қарпімен жазылып, 4 беттен аспауы тиіс

Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек

Шығарма 15-ақпанға дейін Inabat_club@mail.ru жіберілуі тиіс

Естеріңізге сала кетейік, байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 16 мен 50 жас аралығындағы әйел жамағаты ғана қатыса алады.

#Инабат клубы #байқау #Әл-Фараби1150