Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады

3 ақп 2020 1 802 рет оқылды
Алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады

3 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Синоптиктер 4-6 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген облыстарда қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады.

Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5 - плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С болады. Қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады.

#ауарайы