Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы Бас мүфтиді құттықтады (ФОТО)

10 ақп 2020 1 643 рет оқылды
Мемлекеттік хатшы Бас мүфтиді құттықтады (ФОТО)

10 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында бас мүфти болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің дін саласындағы мол тәжірибеңіз алдағы уақытта ата дініміздің абыройын одан әрі асқақтатып, халықты ынтымақ пен бірлікке, жас ұрпақты имандылық пен отаншылдыққа үндеуде елеулі үлес атқарады деп сенемін. Сізге зор денсаулық, қызметіңізге табыс тілеймін» делінген жеделхатта.

#Наурызбай қажы Тағанұлы #бас мүфти #Қырымбек Көшербаев