Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

Түймелі телефондарға WhatsApp мессенджері орнатылды

23 шiл 2019 1 733 рет оқылды
Түймелі телефондарға WhatsApp мессенджері орнатылды
KaiOS қарапайым телефондарға арналған операциялық жүйені әзірлеушілер арзан телефондарға мессенджер орнату үшін WhatsApp-пен ынтымақтастық туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда WhatsApp KaiStore фирмалық дүкеніндегі 256 МБ-тан астам жедел жады бар KaiOS телефондарында орнатылған. Қазіргі уақытта нарықта 100 миллионнан астам KaiOS телефоны бар, олардың ішіндегі ең танымал модель — «банан» Nokia 8110. Басқа да компаниялар 2019 жылдың үшінші тоқсанынан бастап WhatsApp мессенджері KaiOS телефондарына алдын ала орнатылатынын хабарлады.