ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінде өткен жиналыста Елорда имамдарына Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды, - деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
«Асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлес қосқаныңыз үшін айрықша алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.
Елордалық дін қызметкерлеріне алғыс хатты Бас мүфтидің атынан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы табыс етті.
Пікірлер (0)