Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Тарауық намазына қатысқан жамағатқа тегін автобустар шығарылды (Фото)

17 мам 2018 2 263 рет оқылды
Тарауық намазына қатысқан жамағатқа тегін автобустар шығарылды (Фото)

17-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ - Тарауық намазына қатысқан жамағатқа арнайы автобустар шығарылды. 

Еліміздің әр мешітінде айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында отыз күн Құптан намазынан кейін 20 ракағаттан тұратын Тарауық намазы оқылады. Аталмыш намаз кеше, яғни 16-мамыр күні Құптан намазынан кейін басталған болатын. Тарауық намазы оқылып біткен кезде, қала ішіне қатынайтын автобустардың тоқтап қалуы себепті, жыл сайын мешіттерден қала ішіне арнайы автобустар қарастырылып келеді.

Биыл да Елордалық тұрғындардың Тарауық намазға келіп-кетуіне жеңілдік тудыру мақсатында, ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен, қалалық Жол және көлік департаменттері және қалалық автопарктердің демеушілігімен қаланың әр бағыттары бойынша арнайы автобустар шығарды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де Тарауық намазынан кейін жамағатқа арналған көліктер қарастырылған. Тарауықтың алғашқы күнінен бастап Құран хатымға қатысқан елордалықтарды әр бағыттар бойынша тасымалдануда. Дәлірек айтсақ, бірінші бағыт - Оңтүстік-шығыс, екінші бағытКөктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алабы бағыты және үшінші бағыт - Астана вокзалы, «Ет комбинаты», «Кирпичный» бағытарында автобустар қатынайды.

Осылайша, арнайы көліктер ай бойы Тарауық намазына қатысқан жамағатқа тегін қызмет көрсететін болады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі